19 мамыр 2012 ж. 07:25 Валюта курсы:  € = 188.09$ = 147.94P = 4.77                   
   

Жaңалықтар

17 мамыр 2012 ж., 09:18

28 кәсіпкер «Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша оқытылатын болады

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының «Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша «Даму» қорының Қызылорда филиалы экономиканың басымды бағытында жұмыс жасайтын және жұмыс жасауға ниетті кәсіпорындардың 28 басшыларын оқытуға өтінім қабылдады.
15 мамыр 2012 ж., 18:23

Моноқалаларды дамыту бойынша бесжақты меморандумдарға қол қойылды

Қарағанды облысының Теміртау шаһарында моноқалаларды дамыту бойынша республикалық семинар-кеңесте қала құраушы кәсіпорындармен меморандумдарға қол қою рәсімі өтті. ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ы, «Атамекен» Одағы» Ұлттық экономикалық палатасы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарының әкімдіктері мен «Қазақмыс», «Қазмырыш», «ҚазМұнайГаз» компаниялары моноқалаларды дамыту бойынша серіктестікті бағдарламаларды іске асыру жөніндегі бесжақты 4 меморандумға қол қойды.
14 мамыр 2012 ж., 18:39

Жамбыл облысында колледж оқушылары ұсынған бизнес жобалар жарысыөткізілді

Тараз қаласындағы Қазақ-Түрік есеп-экономикалық колледжінде Жамбыл облысы колледждері оқушылары арасында кіші және орта кәсіпкерліктің субъектілеріне арналған үздік бизнес-жобалар жарысы өткізілді. 
14 мамыр 2012 ж., 18:05

Даму» қоры Алматы облысында «тәтті» өндірісті субсидияламақшы

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» мен «Гаспарян» ЖК-і және «Ресей жинақ банкі» АҚ-ы арасында 9 млн. теңге несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялаудың тағы бір келісім-шартына қол қойылды.
14 мамыр 2012 ж., 17:33

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Орынбаев Батыс Қазақстан облысындағы «БЖК-2020» Бағдарламасына қатысушы бірқатар кәсіпорындарды аралады

2012 жылғы 11 мамырда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Орынбаевтың Батыс Қазақстан облысына сапары басталды.
11 мамыр 2012 ж., 18:56

Ақмолада аруларды кәсіпкерлікке тарту мәселесі талқыланды

Мамыр айының мейрам күндерінің қарсаңында, облыстық әкімдікте Ақмола облысының әкімінің жанындағы Әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат бойынша комиссияның отырысы өткізілді. Бүгінгі таңда ел экономикасында 3,7 млн. әйелдер жұмыспен қамтылған, ол жалпы жұмыс атқарушылардың 49% құрайды.
11 мамыр 2012 ж., 18:17

Тараздағы тағылымды шара

Тараз қаласында «Бизнестің жол картасы-2020» мемелекеттік бағдарламасына қатысушы «Тараз металлургия зауыты» ЖШС-і «Даму-Көмек» бағдарламасы аясында жас кәсіпкерге демеушілік көмек көрсетті.
11 мамыр 2012 ж., 18:13

Атырауда Кәсіпкерлер форумы өтті

Ағымдағы жылдың 8 және 10 мамыр күндері Атырау облысында Қазақстан Республикасы бойынша ірі мұнай кенішін игеріп жатқан «ТеңізШеврОйл» ЖШС-нің ғимаратында, аталмыш компанияға тауар өндірушілер мен қызмет көрсетумен айналысатын кәсіпорындар мен кәсіпкерлердің Форумы өтті.
11 мамыр 2012 ж., 15:33

Сарқан ауданының кәсіпкерлері мемлекеттік бағдарламаларға белсенді қатысуда

Алматы облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы мемлекеттік қолдауға ие болған ауылдық кәсіпкерлер бағдарламаның тиімділігін бағалап, 108 млн. теңгеге өз шаруаларын дамытуға мүмкіндік алды.
11 мамыр 2012 ж., 15:22

Елордада екі жоба мақұлданды

Астана қаласынның Аймақтық үйлестіру кеңесі отырысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының шеңберінде пайыздық ставканың бір бөлігін субсидиялау түрінде мемлекеттік кәсіпкерлік қолдауға өтініш білдірген «БурТрансCompany» және «Sairan Trans» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің жобалары қарастырылды.
 
мамыр 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31            
 

Біздің байланыс

Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
Гоголь көшесі, 111, Наурызбай батыр көшесі қиылысы
Call-орталығы: +7 (727) 244 55 77 (көп арналы)
Қысқаша нөмір: 1408 (Қазақстан бойынша қоңыраулар тегiн)
Тел.: +7 (727) 244 55 66
Факс: +7 (727) 278 07 76
Э-пошта: info@fund.kz   Филиалдар желісі

Жалғыз акционер

Самұрық-Қазына