19 мамыр 2012 ж. 07:26 Валюта курсы:  € = 188.09$ = 147.94P = 4.77                   
   

"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қаражатын кейіннен микрокредиттік ұйымдарға несие беру үшін екінші деңгейдегі банктерге келісіп орналастыру бағдарламасы

Бағдарлама Қор әзірлеп, бекіткен ҚР микрокредиттік ұйымдарды (одан әрі – МКҰ) 2008-2012 жылдарға дамыту жөніндегі шаралар бағдарламасына сәйкес іске асырылады. Бағдарламаның мақсаты елдің кредит жүйесінің үшінші деңгейі ретінде микрокредит секторының сапалы дамуына МКҰ ресурстық қолдау көрсету арқылы жәрдемдесу болып табылады.

Тіркелген және өз қызметін ҚР заңына сәйкес жүзеге асырып отырған МКҰ Бағдарлама аясында екінші деңгейдегі банктер арқылы қаржыландырылады.

Бағдарлама қаражатының жалпы сомасы 1 800 млн. теңгені құрайды.

Бағдарламаға мынадай ЕДБ қатысады :

1. «Банк ЦентрКредит» АҚ ,

2. «АТФ Банк» АҚ ,

3. «Цеснабанк» АҚ ,

4. «Е уразиялық банк» АҚ .

МКҰ Бағдарлама аясында кредиттеудің негізгі талаптары :

Ø Қаражатты мақсатты пайдалану –МКҰ айналым қаражатын микрокредит беру үшін толтыру ;

Ø Жылдық тиімді мөлшерлеме - жылдығы 14,0% көп емес ;

Ø Қарыз бойынша кредиттеу мерзімі - 60 айға дейін ;

Ø Қарыз валютасы – теңге;

Ø Қаржыландыру лимиті - 750 млн. те ң ге ге дейін , соның өзінде сұралып отырған кредит сомасы ағымдағы күнге активті кредит портфелінің көлемінен аспауы тиіс. Егер МКҰ активті несие портфелі кемінде 120 000 АЕК құрайтын болса, онда қарыздың сұралып отырған сомасы сол күнге активті кредит портфелі көлемінің қатынасына 3:1 арасалмақта н а спауы тиіс ;

Ø жобаларды салалық бағыттылығына қарай қаржыландыруға шектеу жоқ;

Ø негізгі борышты айналым қаражатын толықтыруға ұсынылатын Қарыз бойынша өтеуге берілетін деңілдік мерзімі - 12 айға дейін ;

Ø МКҰ Бағдарлама қаражаты есебінен әртүрлі банктерден, қаржы ұйымдарынан бір уақытта Қарыз ала алмайды ;

Ø өзге талаптарды Әріптес банктердің өздері белгілейді .

Бағдарлама бойынша :

Ø МКҰ сыртқы және ішкі қарыздарын қайтақаржыландыруға ;

Ø Әріптес б анк пен өзара байланыстағы МКҰ-ға кредит беруге тыйым салынады .

МКҰ қойылатын міндетті талаптар :

Ø МКҰ белсенді қызмет ету мерзімі кемінде бір жыл болуы тиіс ;

Ø Бір қарыз алушының МКҰ несие портфеліндегі тәуекелдік коэффициенті 0,25 -тен аспауы тиіс .

Нравится
 
 

Біздің байланыс

Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
Гоголь көшесі, 111, Наурызбай батыр көшесі қиылысы
Call-орталығы: +7 (727) 244 55 77 (көп арналы)
Қысқаша нөмір: 1408 (Қазақстан бойынша қоңыраулар тегiн)
Тел.: +7 (727) 244 55 66
Факс: +7 (727) 278 07 76
Э-пошта: info@fund.kz   Филиалдар желісі

Жалғыз акционер

Самұрық-Қазына