Ақмола облысының «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының аймақтық филиалы Көкшетау қаласы бойынша екінші деңгейлі банк филиалдарына «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін оқыту семинарын әрі қарай жалғастыруда. Семинардың негізгі мақсаты - «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы «Казкомерцбанк» АҚ-ның филиалының жаңа басшысына, банктің фронт-офис менеджерлеріне, сондай-ақ, шағын және орта бизнес субъектілерімен тікелей жұмыс істейтін қызметкерлерге жүзеге асыру механизмдерін түсіндіру мен талқылау. Ақмола облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның аймақтық филиалының менеджері Руслан Какенов Қор қызметі жайлы және кәсіпкерлерді қолдау бойынша алға қойылған мақсаттар мен міндерттер жайлы айтып өтті. Қордың жаңа қаржылық және қаржылық емес бағдарламаларын жүзеге асыруға арналған сұрақтарға аса зор көңіл бөлінді, сондай-ақ «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының шеңберінде барлық құралдарға кешенді қолдауға мүмкіндік алу туралы әңгіме қозғалды. Аталған семинар банк қызметкерлері үшін болашақта кәсіпкерлерге қажетті мәліметтерді таратуға, сонымен қатар «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына қатысуға, «Даму» қорының атқарып отырған бағдарламалары бойынша жекеменшік бизнеске арналған қажетті қаржыландыру бағдарламасын таңдауға мүмкіндік береді.


Семинар барысында банктің жоспарланған жобалары «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша сұрақтары талқыланса, ал семинар қорытындысы ағымдағы бағдарламалар аясындағы жобаларды өзара ынтымақтастықта жүзеге асыруға келісім жасалды.


