19 мамыр 2012 ж. 08:13 Валюта курсы:  € = 188.09$ = 147.94P = 4.77                   
   

Атырау облысында тағы 3 жоба мақұлданды

22 ақпан 2012 ж., 12:33

Ағымдағы жылдың ақпан айының 20-сы күні облыс әкімінің бірінші орынбасары Б. Даукеновтың төрағалығымен Атырау облысының үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі Аймақтық үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Аймақтық үйлестіру кеңесінің отырысында «Бизнестің жол картасы–2020» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты бойынша 4 жоба қарастырылды.

«Каспиан Девелопмент Компани» ЖШС-нің жобасы бойынша 2011 жылы наурыз айында «Альянс Банк» АҚ-дан алынған несиені 82,3 млн. теңге көлемінде субсидиялау жоспарланған. Жобаның мақсаты кешенді өндірістік ғимараттар сатып алу.

«Тимберланд» ЖШС жобасы бойынша 3 дана «Toyota Land Cruiser Prado» және 4 «Hyundai Country» шағынавтобустарын сатып алу жоспарланған. Жобаның құны 60 млн. теңге, жобаны «Альянс Банк» АҚ-ның филиалы арқылы қаржыландыру көзделген.

«Сапарова А.Б.» ЖК-нің жобасы бойынша Махамбет ауылында нан өнімдерін шығаратын наубайхана ашу жоспарланған. Жоба құны 7,2 млн. теңге, жобаны «Темірбанк» АҚ-ның филиалы қаржыландырмақ.

Аталмыш жобаларды Аймақтық үйлестіру кеңесінің мүшелері бірауыздан мақұлдап, ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігіне жолдады.

«GE Logistics» ЖШС-нің жартылай вагондарды сатып алуға бағытталған жобасын «Ресей Жинақ Банкі» АҚ-ның Атыраудағы филиалы қаржыландыруды жоспарлап отыр. Жоба бойынша қосымша құжаттар қажет болғандықтан, оны Аймақтық үйлестіру кеңесінің келесі отырысында талқылау туралы шешім қабылданды.

Нравится
 
ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
        1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29                
 

Біздің байланыс

Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
Гоголь көшесі, 111, Наурызбай батыр көшесі қиылысы
Call-орталығы: +7 (727) 244 55 77 (көп арналы)
Қысқаша нөмір: 1408 (Қазақстан бойынша қоңыраулар тегiн)
Тел.: +7 (727) 244 55 66
Факс: +7 (727) 278 07 76
Э-пошта: info@fund.kz   Филиалдар желісі

Жалғыз акционер

Самұрық-Қазына